wpthemepostegraund

Депрессиядан арылуға қандай жеміс көмектесетінін білесіз бе?

Источник: nur.kz

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары грек жаңғағы депрессиямен күресуге көмектесетінін анықтаған. Бұл туралы nplus1.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ғалымдар грек жаңғағының адам психологиясына әсері туралы зерттеу жүргізді.

Мамандар 26 мың адамнан сауалнама алған. Анықталғандай, грек жаңғағын тұрақты жеген адамдарда депрессияға шалдығу деңгейі 26 %-ке төмен болған.

Грек жаңғағын күнделікті жемеген адамдар психологиялық тұрақтылығы және жақсы физикалық денсаулығының мінсіздігімен мақтана алмаған. 

Грек жаңғағының құрамында α-линоленді қышқыл бар. Ол метаболизмге белсенді қатысушы өсімдік майы болып табылады.

Сонымен қатар грек жаңғақтары конгитивтік қабілетті жақсартып, қартаю процесін бәсеңдетеді екен.

Дегенмен бұл зерттеу нәтижелері екі күнде алынғандықтан, ғалымдардың тұжырымдарын әлі нақтылауды қажет ететін көрінеді.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.