wpthemepostegraund

Әлемдегі ең толық жасөспірім 100 келіге арықтады (фото)

Источник: nur.kz

14 жастағы үндістандық жеткіншек Михир Джаин 100 келіге арықтап кетті. Ол өмірінде алғаш рет кинотеатрға баруға мүмкіндік алған деп хабарлайды Today.kz.

Британиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ол әлемдегі ең семіз жасөспірім атанған. Оның салмағы 237 келі болған екен.

Бұл жеткіншектің өздігінше қимылдауына кедергі келтіріпті. Ол тіпті, мектепке бара алмай, дос-жарансыз қалған көрінеді.

Медицина қызметкерлері Михирға ешқандай хирургияның қажет емес екенін, тек қана зиянды тағамдар мен тәттілерден, газдалған сусындардын бас тартуды ұсыныпты.

Ал 2018 жылдың сәуір айында ақ халаттылар жеткіншекке ота жасап, өте қатаң диета ұстауды тапсырған екен.

Қазір 14 жастағы Михирдің өмірі күрт өзгерген. Жасөспірім өз отбасымен бірге "Веном"
фильмін де тамашалап қайтыпты.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.